"Көркем жазу" үйірме жетекшісі уақытша бос лауазымына тағайындау үшін конкурс!!!

«Зияш Қалауаова атындағы бастауыш мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

📌 "Көркем жазу" үйірме жетекшісі уақытша бос лауазымына тағайындау үшін конкурс !!!
📌 Түркістан облысының білім басқармасының
Отырар ауданының білім бөлімінің
«Зияз Қалауова атындағы бастауыш мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мекен жайы: (индексі -160703) Түркістан облысы, Отырар ауданы, Арыс ауылы, Қ.Төлбасиев көшесі, №32 ғимарат, анықтама үшін телефон номері: (87713477805), электрондық поштасы: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары" негізінде педагогтердің уақытша бос лауазымына орналасуға төмендегі штаттық бірлік бойынша конкурс жариялайды:
1. "Көркем жазу" үйірме жетекшісі – 1 бірлік (уақытша), (декреттік демалысына кетуіне байланысты)
• Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына, біліктілік санатына қарай сәйкес төленеді.
• Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары Қазақстан Респубикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығының талаптарына сәйкес.
• Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш; (№57 бұйрықтың 10-қосымша)
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
8) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
9) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) №57 бұйрықтағы 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
11) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

ЕСКЕРТУ: құжаттарды электронды түрде қабылдау 7 жұмыс күн ішінде.